Жаңалықтар

4 қыркүйек 2007
4 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Комиссия отырысында Қазақстан азаматтығын алуға ниет білдірген азаматтардың мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының қолы қойылған Жарлыққа сәйкес он жеті мыңнан астам азаматтар Қазақстан азаматы атана алады. Олардың ішінде елімізге ТМД және алыс шетелдерден келген отандастарымыз бен басқа да ұлт өкілдері бар.


«Қазақстан азаматтығын алғысы келетін адамдардың санының жылдан-жылға көбеюін тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тамаша көшбасшылығының арқасында тәуелсіздік жылдарындағы біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жетістіктерін әлем мойындауының айқын куәсі деуге болады. Біз Қазақстанның жаңа азаматтарының мемлекетіміздің ары қарайғы дамуына лайықты үлес қосатындарына сеніміміз зор», - деді Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев комиссия отырысында.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар