Жаңалықтар

10 қазан 2017
Ақпараттық хабарлама

Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізді.

Заң жобасы Қылмыстық-процестік кодекске, «Жедел-iздестiру қызметi туралы» және «Прокуратура туралы» заңдарға түзетулер енгізуді көздейді. Олар тұтастай алғанда:

- азаматтардың қылмыстық процесте қорғалу деңгейiн арттыруға және оның жазалау сипатын төмендетуге;

- адвокаттардың процессуалдық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қылмыстық процестің жарыспалылығын арттыруға;

- қылмыстық істерді тергеу тәртібін жеңілдетуге және қылмыстық процестің үнемді болуын қамтамасыз етуге;

- сотқа дейiнгі сатыда сот бақылауын одан әрі күшейтуге;

- сотқа дейінгі тергеу органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктерді нақты ажыратуға және олардың қайталануын болдырмауға бағытталған. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар