Жаңалықтар

13 желтоқсан 2016
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:

 

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері»

атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені

тапсырылсын:

 

Ақшолақов Серік Қуандықұлы

 

-

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, Астана қаласы

 

Тұрсынов Алмат Жанәбілұлы

 

-

«Қарасу» СӨК» ЖШС бас директоры, Қостанай облысының Қарасу ауданы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  

         Президенті                                 

 

   Н.Назарбаев           

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 5 желтоқсан

                      № 382


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар