National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар тапсыруға арналған салтанатты рәсімге қатысты

2016 жылғы 13 желтоқсан

Мемлекеттік хатшы ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күні қарсаңында жоғары наградаларды тапсыру игі дәстүрге айналғанын атап өтті. Бұл күндері бүкіл еліміз қоғамды дамытуға және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін көпшілік құрметіне бөленіп, ерекше көзге түскен қазақстандықтарды марапаттауда. Тәуелсіздіктің 25 жылында біз әлеуметтік-экономикалық дамудың қазақстандық моделін қалыптастырып, демократиялық саяси жүйе және жүзден аса этнос пен 18 конфессия өкілдерінің басын қосқан этносаралық келісімнің бірегей институты – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрдық. Қол жеткізілген табыстар – Қазақстан Президентінің стратегиялық тұрғыдан ойлай білетін көрегендігі мен саяси ерік-жігерінің айқын көрінісі, ел азаматтарының қалтқысыз қызметі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Марапатталғандар қатарында мәдениет, білім мен ғылым және денсаулық сақтау саласы қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер, экономика мен бизнес өкілдері бар.

Кездесу соңында Г.Әбдіқалықова қатысушыларды алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, баршаға бейбітшілік пен бақ-береке, Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің