National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Хельсинки қорытынды актісінің және Астана Саммитінің мерейтойы қарсаңындағы ЕҚЫҰ жетістіктері мен сын-қатерлері» атты халықаралық конференцияға қатысты

2015 жылғы 23 қазан

 

Конференция жұмысына сонымен қатар Парламент Сенатының төрағасы, ЕҚЫҰ-ның Ақылмандар тобының мүшесі Қ.Тоқаев, Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов, Сербия Республикасының ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты өкілі – ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің төрағасы В.Жугич, ЕҚЫҰ-ның Қақтығыстардың алдын алу жөніндегі орталығының директоры М.ПешкоАҚШ Мемлекеттік департаментінің әскери-саяси мәселелері жөніндегі бюросының аға кеңесшісі П.Фритч, қауіпсіздік саласындағы қазақстандық және халықаралық жетекші сарапшылар қатысты. 

Конференцияда ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықтың және өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері,  өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің ауқымды күн тәртібін бірлесе қалыптастыру перспективалары талқыланды.

Г.Әбдіқалықова өз сөзінде конференцияға қатысушыларды БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерейтойлық сессиясы барысында Қазақстан Президенті көтерген бастамаларға қолдау көрсетуге шақырды.

Г.Әбдіқалықова жалпыеуропалық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру қажеттігін жеткізді, яғни, 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісіне қатысушы мемлекеттер келіскендей, «халықтар шынайы және орнықты бейбітшілік жағдайында ғана өмір сүре алады».

Мемлекеттік хатшы ядролық қарусыз аймақты әлемнің өзге өңірлерінде құрудың маңыздылығына тоқтала келіп,  Қазақстан – өз еркімен ядролық полигонды жауып, ауқымы бойынша төртінші ядролық арсеналдан бас тартқан және Орталық Азияда ядросыз аймақ құрған тарихтағы тұңғыш ел екенін атап көрсетті.

Соңында Г.Әбдіқалықова Еуразиядағы ұжымдық қауіпсіздік архитектурасын нығайтуға конференцияның нақты үлесін қосатынына сенім білдірді.      


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің