National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2015 жылғы 20 қараша

 

Комиссия отырысында мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мүшелері марапаттау үшін Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын кандидаттарды анықтады. Мемлекеттік наградаларды тапсыру дәстүр бойынша  Тәуелсіздік Күні қарсаңында өткізіледі.

Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесшілік орган болып саналатын комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын бекіту және жою жөніндегі ұсыныстарды, награда мәселелері жөніндегі заңдардың жобаларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, марапаттау туралы ұсынымдарды және өзге де мәселелерді қарастырады. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің