Жаңалықтар

28 маусым 2013
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Румыния Премьер-Министрі Виктор Понтамен кездесу өткізді

Кездесуде екіжақты саяси ықпалдастық, сондай-ақ екі елдің сауда-экономика, инвестиция және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастығы мәселелері қарастырылды.

 

Кездесуде екіжақты саяси ықпалдастық, сондай-ақ екі елдің сауда-экономика, инвестиция және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастығы мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы Румыния Премьер-Министрінің Қазақстанға сапары елдеріміздің серіктестігі аясын кеңейте түсудің жақсы мүмкіндігі болып саналатынын атап өтті.

– Сіз Қазақстанның Премьер-Министрімен, сондай-ақ Үкімет мүшелерімен кездесулер өткізіп, ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жаңа бағыттарын талқыладыңыздар. Бүгінде біздің мемлекеттеріміз арасында жоғары деңгейдегі кездесулердің қарқыны жақсы. Мен сапармен Румынияда болдым және Румыния Президенті біздің елімізде болды. Әлемдік экономиканың жағымсыз салдарына қарамастан, екі ел арасындағы тауар айналымы артуда. Ынтымақтастығымыздың маңызды бір тармағы RomPetrol компаниясының қызметі болып саналады. Біз Румыния Үкіметіне бұл мәселе жөніндегі сындарлы ұстанымы үшін ризашылық білдіреміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.     

В.Понта кездесу үшін алғысын айтып, қазақстандық әріптестерімен келіссөздер жемісті және сындарлы сипатта жүргізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, Румыния Премьер-Министрі екі ел арасындағы қарым-қатынастардың барлық саласы бойынша өзара ықпалдастықтың жандана түсетініне сенімін білдірді.   


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар