Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

30 қазан 2013
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады

 

С.Қайырбекова Мемлекет басшысына еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жай-күйі мен басымдықтары, сондай-ақ министрліктің өткен жылдағы қызметінің негізгі нәтижелері туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев ана мен бала өлімін әлі азайту, сондай-ақ халықтың денсаулық деңгейін арттыру мен қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту жөнінде жүйелі шаралар қабылдау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Министр Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижелері туралы әңгімеледі.

Мысалы, 2013 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша, 2012 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, ана өлімі 24 %-ға, бала өлімі 17 %-ға, қан тамыры жүйесі ауруынан болатын өлім 6-%-ға, қатерлі жаңа пайда болған аурулар 4-%-ға, туберкулез ауруы 23,6 %-ға төмендеген.

Кездесу қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев ұлт денсаулығын нығайтуға және бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған бірнеше нақты тапсырма берді.     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар