National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовты қабылдады.

2012 жылғы 24 шілде

Кездесуде ауыл шаруашылығы, қыс маусымына дайындық және елді әлеуметтік жаңғырту бағдарламаларының орындалуы мәселелері талқыланды.

– Бүгінде біздің басты міндетіміз – ауыл шаруашылығының мәселелері. Менің қолымдағы мәліметтерге сүйенсек, азық-түлік пен астыққа қатысты жағдай оңай болмай тұр. Қиындықтар қазір Ресей, Украина және тіпті АҚШ сияқты астықты елдерде де байқалуда. Ауыл шаруашылығы министрі маған бұл жағдай туралы жақында баяндады. Жалпы, біздің былтырдан қалған қорымыз жеткілікті. Биыл орташа жылдық өнім аламыз деп жоспарлап отырмыз. Өйткені, Батыс Қазақстанда, Ақтөбеде, Қостанай облысының бірнеше ауданында ауа райы қолайсыз болып тұр. Бірақ ахуал әлі өзгеруі де мүмкін, – деді Мемлекет басшысы

Сонымен қатар, Президент келесі маңызды мәселе қысқа дайындық  екеніне тоқталды. Бұл жұмысты әсіресе Астанада жандандыру қажет. Былтыр бірқатар қиындықтар болды, сондықтан алдағы жылыту маусымында ақауларға жол бермеу үшін бұл бағыттағы жұмысты күшейту керек.

– Жолдауда және елді әлеуметтік жаңғыртуға арналған менің соңғы мақаламда айтылған міндеттерді орындау мәселесінің маңыздылығы да бұдан кем емес. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Сондықтан осы мәселелердің барлығын мұқият қарастырып, айрықша бақылауға алу керек, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Отырыс қорытындысында Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің алдына бірқатар міндеттер қойып, нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің