Жаңалықтар

21 қыркүйек 2015
Елбасы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Руанда Республикасының Президенті Поль Кагамемен кездесті

 

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты  дамыту перспективалары мен күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер талқыланды.

Қазақстан Президенті екі елдің бір-бірінен алшақ жатқанына қарамастан, өзара ықпалдастықты жолға қою маңызды екенін айтты.

Біз, салыстырмалы түрде алсақ, Африка мемлекеттерімен енді ғана қарым-қатынас орнатып жатқан жас ел болып саналамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы П.Кагаменің өз елінде бейбітшілік орнату үшін елеулі күш-жігер жұмсағанына да назар аударды.

Руанда халқы сұмдық геноцидті бастан өткерді, Сіз оған тоқтау сала алдыңыз және бүгінде республиканы дамыту үшін көп нәрсе жасап жатырсыз, – деді Қазақстан Президенті.

Руанда Президенті өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар