National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы Дмитрий Панкинді қабылдады

2017 жылғы 24 сәуір

Кездесу барысында Мемлекет басшысына банктің қызметі, сондай-ақ оның бұдан әрі даму перспективалары мен басымдықтары туралы мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия даму банкінің құрылу мақсатына, оның алдында тұрған бүгінгі міндеттерге тоқталып, интеграциялық жобаларды қаржыландырудың маңыздылығын атап өтті.

– Банктің негізгі құрылтайшылары – Қазақстан мен Ресей. Банк Еуразиялық экономикалық одақтың мүддесі үшін құрылды. Жұмыстың таңдалған бағыты дұрыс. Қазақстан жағдайында несиені көбіне теңгемен беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бастамашылық еткен шағын жобаларға несиені қоса қаржыландыру шартымен беру мәселесін қарастыруды ұсынды.

– Көлік-инфрақұрылым, су және аграрлық бағыттағы ортақ жобаларды қоса қаржыландыруға банктің мүмкіндігі бар. Бұл жобалар одаққа мүше барлық мемлекеттер үшін жүзеге асырылатын болады. Мұндай жобалар ең алдымен оларды ұсынатын Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысына байланысты болмақ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Д.Панкин Қазақстан Президентіне жаңа жобалар жөніндегі шарттардың жасалу барысы туралы, сондай-ақ банктің несиелік қорының ахуалы, оның өткен жыл қорытындысы бойынша айтарлықтай артқаны жөнінде баяндады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің