Жаңалықтар

16 мамыр 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті

Мемлекет басшысы Кристин Лагардқа Астана экономикалық форумына келгені үшін ризашылық білдірді.

– Нұр-Сұлтан қаласына қош келдіңіз! Сіздің Астана экономикалық форумына арнайы келіп қатысуыңыз форум жұмысына да, Қазақстанға да тиімді боларына сенім білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Халықаралық қор ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ әлемдік қаржы-экономика жүйесінің дамуындағы маңызды үдерістер туралы пікір алмасты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар