Жаңалықтар

22 қазан 2019
Мемлекет басшысы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамедовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмысы туралы, атап айтқанда, «Медиация туралы» Заңға сәйкес қолға алынған «Дәнекер» жобасы бойынша жасалған шаралар жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар «Ардагерлер ұйымы» мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының бірлескен жобалары жайында айтылды.

Қазақстан Президентіне Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдық мерекесіне әзірлік барысы, «Ардагерлер туралы» Заңның жобасы туралы да баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» Заңды тиянақты дайындауды, Президент Жолдауынан туындайтын мәселелерге ардагерлер белсенді араласып, елдегі қолға алынған реформаларды халыққа жан-жақты насихаттауды тапсырды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар