Жаңалықтар

26 тамыз 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жаңадан тағайындалған депутаттарымен кездесу өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға сәйкес Парламент Сенатының 15 депутатын Мемлекет басшысы тағайындайтынын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға сәйкес Парламент Сенатының 15 депутатын Мемлекет басшысы тағайындайтынын атап өтті.

– Тағайындалған Сенат депутаттарының бір бөлігінің өкілеттігі аяқталғандықтан, мен сіздердің Парламенттің жоғары палатасының депутаттары болып тағайындалғандарыңызды жариялау үшін шақырдым. Сіздерді жаңа орында жұмыс істеу үшін қажетті тәжірибесі бар лайықты кандидаттар деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы енгізілетін заң жобаларын жан-жақты зерттеуді, сындарлы пікірталас жүргізе білуді және әрдайым елдің мүддесін қорғауға дайын тұруды талап ететін жаңа жұмыстың маңыздылығына тоқталды.

Жаңадан тағайындалған депутаттар Мемлекет басшысына сенім көрсеткені үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының тұрмысын жақсартуға бағытталған Сенаттың заң шығарушы қызметіне белсене атсалысатынына сенім білдірді.

Тағайындау туралы Жарлықтың мәтінін мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар