Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 наурыз 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевты қабылдады

 

Кездесу барысында Қ.Бозымбаев облыстың 2012 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен биылғы жылғы өткен екі айдың алдын ала нәтижелері туралы баяндады.

Өткен жылы облыста жалпы өңірлік өнім 9,7 пайызға өскені, бұл ретте құрылыс саласының өсуі 67 пайыз болғаны атап өтілді. Іскерлік белсенділіктің артуы, өңір экономикасына салынған инвестиция көлемі 32 пайызға ұлғайғаны байқалды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының әкімі биылғы қаңтар айында болған дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі туралы баяндап өтті. Бүгінде жалпы саны 4700-дей барлық зардап шеккен нысандар іс жүзінде қалпына келтірілді. Көппәтерлі және жекелік тұрғын үйлердің шатырларына, сондай-ақ мыңнан астам электр беру желісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, апат салдарынан келген шығын 4,5 млрд. теңгеге жетті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.       


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар