National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

2015 жылғы 12 қазан

 

15 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин келеді.

Мемлекеттер басшыларының  Қазақстан мен Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығын екіжақты деңгейде және Еуразиялық экономикалық одақ аясында талқылауы жоспарланған.

Сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік пен жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылатын болады.

16 қазанда Қазақстанның төрағалық етуімен ТМД Мемлекет басшылары кеңесі өтеді.

Кездесуге қатысушылар террорлық қатерге қарсы бірлескен іс-қимылдың, қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің, Достастыққа мүше мемлекеттердің күштік органдары ынтымақтастығының негізгі жайттарын қамтитын тақырыптар топтамасын талқылайды деп жоспарланып отыр. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің