National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалинмен кездесу

2014 жылғы 20 қаңтар

 

Мемлекет басшысына Ұ.Қарабалин министрліктің 2013 жылғы қызметінің қорытындылары, қазіргі кезеңдегі жоспарлар және саладағы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын стратегиялық міндеттер туралы баяндады. 

Нұрсұлтан Назарбаев инвестиция тартудың және саланы инновациялық дамыту жөніндегі жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ірі мұнай-газ кен орындары мен нысандарының төңірегінен өндірістік кластерлер құру қажеттігіне ерекше назар аударды.

Кездесу барысында министр Мемлекет басшысына Қазақ мұнай және газ институтының жетекшілігімен ғылыми-зерттеу ұйымдары тобы әзірлеген Қазақстанның перспективалық мұнай-газы бар бассейндері атласын таныстырды. Атлас өңірлік геологиялық барлауда одан әрі перспективалық жұмыстарды қарастыруға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, министр Қазақстанның 15 шөгінді алабына кешенді зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыс қорытындылары, сондай-ақ елімізде отандық геологиялық барлаудың перспективалары мен мұнай-сервистік кластерлерін қалыптастыру туралы баяндады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша республикада 81,8 млн. тонна шикі мұнай өндірілді, яғни 2012 жылмен салыстырғанда 103,2%-ға жетті. Өңделген  газ көлемі өткен жылы елімізде 42,3 млрд. текше метр, ал өңделген мұнай көлемі 14,3 млн. тонна болды. 2014 жылы 83 млн. тонна мұнай және 41 млрд. текше метр газ өндіру, 14,7 млн. тонна мұнай өңдеу жоспарланып отыр.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.    


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің