Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 тамыз 2014
Елбасы қазақ өнерінің көрнекті өкілі, суретші Шәкен Ниязбековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Ниязбековтің отандық көркем өнердің дамуына, туған елінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға екендігіне тоқталған.  

«Тума талант ретінде ол жұмыстарын патриоттық рухта жазды. Оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы болуы – өз Отанын шексіз сүйгендігінің көрінісі», - делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы суретшінің жарқын бейнесі тәуелсіз еліміздің жадында мәңгі қалатынын атап өткен.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар