Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 наурыз 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекет басшыларына Наурыз мерекесіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

 

Атап айтқанда, жеделхат Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзайға, Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежадқа, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовке жолданған.

«Көктемнің шуақты Наурыз мерекесі елдерімізге құт-береке, бақыт пен шаттық және гүлдену әкелсін» делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларын ортақ мейрам – Наурыз мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық, еңбекте жеміс және әр бастамаларына табыс, бауырлас халықтарға бейбітшілік пен жасампаздық тіледі.       


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар