National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Нұрлан Қаппаровтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2015 жылғы 26 наурыз

Елбасы Н.Қаппаровтың кенеттен қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Жеделхатта ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Н.Қаппаров жастар арасынан дараланып шыққан кәсіпкер ретінде танылғаны атап өтілген. Ол әр жылдары «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы» ЖАҚ Президенті, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы, сондай-ақ басқа да жауапты лауазымдарда өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарды.

«Н.Қаппаров өзінің мол білімі мен тәжірибесін әрдайым еліміздің өсіп-өркендеуіне жұмсаған дарынды ұйымдастырушы болды. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды», – делінген жеделхатта. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің