National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО-ның және Қазақ КСР-ның Халық әртісі Ермек Серкебаевтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2013 жылғы 16 қараша

 

Жеделхатта өз дара дауысы арқылы жастай танылған Ермек Серкебаевтың өмір бойы еліміздің басты өнер ордасы – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында жемісті еңбек еткені атап өтілген.

«Дауысы қандай әсем болса, жаны да сондай сұлу оның орындауындағы қазақтың халық әндері мен әлемдік опера туындыларындағы басты ариялар тыңдаушылардың жанын әрдайым нұрға бөлейтін», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Ермек Серкебаевтың әлемнің көптеген елдері сахналарында өнер көрсету бақытына ие болып, халықаралық аудитория ықыласына бөленгенін атап өткен. Ол консерваторияда ұстаздық ете жүріп, кеңінен танымал болған көптеген шәкірттер де тәрбиеледі. КСРО Жоғарғы Кеңесінің, сондай-ақ Қазақ КСР-ның депутаты болып сайланды. Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, «Отан» орденімен марапатталды.

Қазақстан Президенті Ермек Серкебаевтың еңбегі еліміздің ән өнері тарихында, ал есімі халқымыздың жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімін білдірген.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің