Жаңалықтар

1 ақпан 2010
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселесі жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өтті.

 Кеңес жұмысына Премьер-Министр К. Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы А. Мусин, Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы М. Тәжин қатысты. 

Онда Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарына арналған «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі бірқатар бірінші кезектегі шаралар талқыланды. 

Кеңес барысында сондай-ақ еліміздің құқық қорғау жүйесін реформалау және құқық қорғау тәртібін нығайту жөніндегі жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар