Жаңалықтар

28 қыркүйек 2010
Ақордада Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті.

Күн тәртібінің негізгі мәселелері - Төтенше жағдайлар мен қоршаған ортаны қорғау органдарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын іске асыру бойынша Атырау және Қызылорда облыстарының әкімдіктері қызметтерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шараларды талқылау болды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қоғам мен мемлекет қауіпсіздігінің маңызды факторы болуы заңды. Осы себепті Президентіміз оған баса назар аударады» - деді Комиссия отырысын ашқан Қ.Саудабаев.

Атқарылған жұмыс нәтижелері туралы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко және Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов баяндады.

Комиссия отырысында сондай-ақ, Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев пен Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаларын іске асыру жөніндегі есептері тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия тиісті мемлекеттік органдарға өз қатарларында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, кадрлармен тиісті және ашық жұмыс істеу, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын мүлтіксіз сақтау мен оның сапасын көтеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік және өңірлік бағдарламасын және Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шараларды орындау бойынша жүйелі шаралар қабылдауға ұсыным жасалды.       


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар