Жаңалықтар

30 қараша 2010
Алдағы уақытта өтетін ЕҚЫҰ-ның Саммиті аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қасиетті тақ (Ватикан) Мемлекеттік хатшысы Тарчизио Бертонемен кездесті.

Әңгімелесу барысында біздің халықтарымыз бен ұлттарымыз арасында бейбітшілік пен келісімді қолдаудың маңызды тетігінің бірі ретінде дінаралық диалогты дамыту жөнінде  Қазақстан мен Ватиканның өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды.

- Мен Президентті құттықтадым және Саммитке дайындықтың жоғары деңгейде жүріп жатқанына таңданысымды білдірдім. Біз қазіргі әлемдегі әділетсіздікке қарсы тұруы мүмкін келісім, бейбітшілік және бауырластық туралы ұлы идеалдарды еске алдық. Біз ислам және христиан арасындағы дінаралық диалог тақырыбын қозғадық. Өзара таным мен білім беру жолымен біз тығыз ынтымақтастыққа және туыстық қарым-қатынастарға қол жеткіземіз деп сенемін. Әулие әкей Бенедикт XVI барша Қазақстан халқына өз батасы мен сәлемін жолдайды, - деді Т.Бертоне журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар