Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

15 қазан 2013
Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып, қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев осынау ерекше мейрамды бүкіл мұсылман әлемі атап өтін жатқанын айтты.

 

Нұрсұлтан Назарбаев осынау ерекше мейрамды бүкіл мұсылман әлемі атап өтіп жатқанын айтты.

– Бүгін барлық мұсылман үшін маңызды күн – Құрбан айт мерекесі. Қазақстанда біз бұл күнді өзге де діни сенімдегілердің мерекесі тәрізді атап өтеміз. Халықтың бірлігінің, Отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында біздің еліміз табысты дамуда. Тәуелсіздік кезеңінде халқымыз өзінің тарихи дініне қайта оралды, бұл қуантады. Бүгінде күллі еліміз бойынша 3 мыңнан астам мешіт бар. Біз Қазақстандағы ең үлкен мешітті Астанада салдық, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қазақстандықтардың елдегі бейбітшілік пен тыныштық, бақ-береке мен бірлік тілеген барлық дұғасының қабыл болуын тіледі.

– Бүгін құрбандық шалып, мұсылмандар таза, адал ниеттерімен еліміз бен халқымызға ізгілік пен бақыт тілейді. Алла Тағала бізге тыныштық және көп ұлтты әрі көпконфессиялы халқымызға бірлік берсін. Сонда біз еліміздің барша азаматтарының игілігі үшін Қазақстанды одан әрі өркендете беретін боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөзінің соңында Мемлекет басшысы Қазақстан халқын қасиетті Құрбан айт мерекесімен тағы да құттықтап, әр шаңыраққа береке-бірлік, бейбіт өмір және игілік тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу