National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы елордадағы жаңа жылдық қайырымдылық кешіне қатысты

2016 жылғы 29 желтоқсан

Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларға арнаған сөзінде еліміздің бүгінгі жетістіктері бүкіл қазақстандықтардың ортақ еңбегі мен бірлігінің жемісі екенін айтты.

Қазақстан Президенті келер жылы болатын ұлттық және халықаралық ауқымдағы ірі оқиғаларды атап өтті. Олардың қатарында дүниежүзілік Универсиада, ЭКСПО халықаралық көрмесі, Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті бар.

Сондай-ақ, Елбасы мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шаралары халқымыздың игі дәстүрі екеніне тоқталды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, баршаның отбасына бақ-береке, денсаулық, жаңа табыс тіледі.

Қайырымдылық кешінен түсетін барлық қаражат «Мейірім» ерікті қоғамы» қорына аударылатын болады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің