National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының отырысына қатысты

2019 жылғы 20 наурыз

Қазақстан Президенті Парламент Сенатының депутаттары алдында сөйлеген сөзінде Сенат төрағасы лауазымына сайлау үшін Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның кандидатурасын ұсынды.

– Дариға Нұрсұлтанқызын баршаңыз жақсы білесіздер. Ол көптен бері сіздермен тығыз жұмыс істеп келеді. Қоғамдық және саяси қызметтерде жинаған тәжірибесі мол. Тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелде де танымал саясаткер. Тұңғыш Президент – Елбасының Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру және тұрғындарға әлеуметтік тұрғыдан көрсетілетін қолдауды күшейту жөнінде алға қойған ауқымды міндеттері сапалы заңдармен қамтамасыз етілуі керек. Сондықтан біз Дариға Назарбаеваға осындай жауапты миссияны жүктеп отырмыз. Осыған байланысты, Парламент Сенатының депутаттарынан мен ұсынған кандидатураны қолдауды сұраймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Д.Назарбаева Парламент Сенатының төрағасы болып сайланды.

Парламенттің жоғары палатасының жаңадан сайланған төрағасы өзіне зор сенім білдірген Мемлекет басшысы мен депутаттарға алғыс айтып, белгіленген міндеттерге қол жеткізу үшін бар білімі мен қабілетін жұмсайтынын жеткізді.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваның кандидатурасын қолдағандары үшін депутаттарға ризашылық білдіріп, Сенаттың жаңа төрағасының қызметіне табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің