National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына барды

2019 жылғы 11 сәуір

Сапар барысында Мемлекет басшысына Ақтау теңіз портының қазіргі жұмыстары, Каспий теңізі арқылы өтетін жүк тасымалын арттырудың перспективалары, сондай-ақ Ақтау қаласындағы шипажай аймағының инфрақұрылымын дамыту жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістік міндеттерді толыққанды орындауға, соның ішінде жүк тасымалы операцияларын жүргізуге, кемелерді айлаққа қоюға және қызмет көрсетуге септігін тигізетін порттың техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Ақтау халықаралық теңіз сауда портының жаһандық көлік дәлізінің қиылысында орналасуы жылына 17,7 миллион тонна құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауға мүмкіндік беретінін баяндады.

Қазақстан Президентіне «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық кемесі көрсетілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз күштерінің арнайы техникасымен, қару-жарақтарымен және киім үлгілерімен танысты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің