Жаңалықтар

8 қараша 2017
Мемлекет басшысы «СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды
Қостанай қаласы

Нұрсұлтан Назарбаев автомобиль өндірісімен айналысатын отандық кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, Елбасы өндірістік цехтарды аралап көріп, зауыт жұмысшыларымен әңгімелесті.

Қазақстан Президентіне Қостанайда жасалған JAC, Peugeot, Ravon брендтерінің автомобильдері, JAC электромобилінің модельдері, сондай-ақ, Iveco базасындағы мектеп автобусы көрсетілді.

Мемлекет басшысына еліміздегі электромобильге арналған инфрақұрылымның даму барысы жөнінде баяндалды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа Қостанай облысының инвестициялық әлеуеті және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімделді.

***

«СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2010 жылы құрылған. Кәсіпорында 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 3 795 техника жасалып шығарылды. Мұнда 570-тен астам адам жұмыс істейді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу