Жаңалықтар

19 қараша 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы өзінің резиденциясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовті қабылдады

 

Кездесу барысында қаланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жаңа жол айрықтарының құрылыс барысы мен метрополитеннің екінші кезегі туралы сөз болды.

А.Есімов Қазақстан Президентіне қаланы әлеуметтік жаңғыртудың келешегі мен бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану жөнінде жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша қаланы одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту және өзекті мәселелерді шешу жөнінде нақты тапсырмалар берді.    


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары