Жаңалықтар

27 наурыз 2015
Елбасы ұлттық теннис орталығында болды
Шымкент қаласы

 

Елбасы халық арасында үлкен теннисті танымал етуге бағытталған спорт кешенінің қызметімен танысты.

Сондай-ақ Нұрсултан Назарбаев осы нысанда Оңтүстік Қазақстан облысының жетекші спортшыларымен кездесті. Олардың арасында халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.

Қазақстан Президенті жиналғандарға табыс пен жоғары спорттық жетістіктер тіледі.

Спортшылар республикадағы дене шынықтыру ісі мен спорт мәселелеріне ұдайы көңіл бөліп, тұрақты қолдау көрсетіп отырғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

***

Шымкент қаласындағы ұлттық теннис орталығын Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан теннис федерациясы салған. 12 ашық және 4 жабық корты бар орталықта тұрақты негізде 300-ден аса бала тенниспен шұғылданады. Ашылғалы бері мұнда 14 халықаралық турнир өтті. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары