Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 қазан 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына сапар аясында Оралдағы қала жағалауының құрылысы барысымен танысты

Қала тұрғындарымен кездесуде Қазақстан Президенті аумақты абаттандыру және жол құрылысы іс-шараларының өңірдегі тұрмыс-тіршілікті жақсарта отырып, азаматтар үшін жасалып жатқанын атап өтті.

 

Қала тұрғындарымен кездесуде Қазақстан Президенті аумақты абаттандыру және жол құрылысы іс-шараларының өңірдегі тұрмыс-тіршілікті жақсарта отырып, азаматтар үшін жасалып жатқанын атап өтті.

Бұған бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаланы дамыту және оны одан әрі абаттандыру жоспары таныстырылды.

Қазіргі уақытта қала жағалауында алаңдар ішіндегі және кіреберіс жолдар салу, жарық құрылғылары мен шағын сәулеткерлік формаларды орналастыру жұмыстары аяқталып қалды. Айналмалы субұрқақтың, басқыш алаңдарының, пандустардың, сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңдарының құрылысы  жүріп жатыр.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары