Жаңалықтар

28 қыркүйек 2010
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті.

Комиссия отырысында Қазақстан азаматтығын алғысы келетін 15 мыңнан аса адамның, солардың ішінде тарихи Отанына оралған отандастарымыздың және ТМД елдері мен алыс шетелдерден келген басқа ұлт өкілдерінің құжаттары қаралды.

Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі атап өткендей: «Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін, өздерінің өтініштерін берген адамдар отандастарымыз болады. Тәуелсіз Қазақстан азаматының көгілдір паспортын алу құқығына ие болған әрбір отбасы үшін бұл оқиға нағыз мереке болып табылады. Жыл сайын біздің жаңа отандастарымыздың саны шамамен жүз мың адамға көбейіп отыр. Бұл халықтың табиғи өсуінің ғана емес, Қазақстанға түрлі елдерден келген адамдардың санының едәуір өскені, олардың біздің мемлекетімізге, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген сенімдерінің нәтижесі. Ал, әлемдегі қазіргі таңдағы тұрақсыз экономикалық жағдайда Қазақстандағы көші-қонның жағымды сальдосын сақтауды жалғастыру дерегі, ол біздің еліміздің тұрақтылық мекендерінің бірі екенін және кең байтақ Евразия кеңістігіндегі оның дамуын көрсетеді».

Қ.Саудабаев бұдан әрі: «Қазақстан азаматтығын алуға талпынушылар біздің мемлекетімізден өздеріне өмірлік кепілдікті және өздерінің балаларының айқын болашағын көреді. Комиссия ұсынысын Мемлекет басшысы бекіткеннен кейін, біздің жаңа отандастарымыздың ешқайсысыңда олардың жасаған таңдауы  дұрыс екендігіне күдіктері болмауы үшін мемлекеттік органдар барлық жағдайды жасаулары тиіс»,- деп атап көрсетті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар