Жаңалықтар

25 тамыз 2008
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халық банкі басқармасының төрағасы Григорий Марченконы қабылдады.

Кездесуде Қазақстанның банк секторының даму қарқыны мен келешегін талқыланды.


Григорий Марченко Мемлекет басшысын Алматы қаласы Өңірлік қаржы орталығының даму келешегі, тұрғын үй рыногындағы жағдай және инфрақұрылымдық, атап айтқанда, энергетика және жол құрылысы салаларындағы жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері туралы хабардар етті.


Брифингте Григорий Марченко Президентпен болған кездесуде банктердің сыртқы қарызына қызмет көрсету, олардың өтімділігі, сыртқы рыноктарға қазақстандық банктердің қолжетімділігі мәселелерінің талқыланғаны жөнінде хабарлады. «Халық банкі 300 миллион долларға арналған синдицирленген заем орналастырды. Бұл капиталдың сыртқы рыногы қазақстандық банктер үшін ашық екендігін білдіреді. Жалпы алғанда, Президент біздің банктің қызметіне жақсы баға берді», - деді Г.Марченко.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар