Жаңалықтар

1 тамыз 2007
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында Қарасай және Жамбыл аудандарының бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарын аралап көрді.

big-01.jpg

big-01E.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің туып-өскен жері Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы орта мектеп-гимназиясында болды.


Таяуда пайдалануға берілген жаңа мектеп-гимназия соңғы үлгідегі оқу құралдарымен жабдықталған, сондай-ақ бассейн, спорт және мәжіліс залдары, компьютерлік сыныптармен және шеберханамен қамтылған.


Мемлекет басшысы мектепке «интерактивті» тақта тарту етті, оның көмегімен түрлі слайдтар мен бейнематериалдарды көруге, нақты уақыт режимінде сурет немесе мәтінге өзгерістер енгізуге және оларды алдағы уақытта редакциялау, басып шығару, факс немесе электрондық пошта арқылы жіберу үшін компьютерлік құжат ретінде сақтауға болады.


- Мұндай деңгейдегі мектеп құрылысын салу – Қазақстанның табысты дамуы мен мемлекеттің білім саласына ұдайы көңіл бөлуінің нәтижесі екені сөзсіз, - деп атап өтті Президент.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар