Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 қыркүйек 2010
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде болып, елорда мектептерінің 11 сынып оқушыларымен кездесті.
04

Осы этнокешенде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналып ашылған жаңа диорамалық павильонда болды. Президентке ел тарихының негізгі елеулі кезеңдеріне арналған экспозиция көрсетілді.

Президент сондай-ақ елорданың сол жағалауының макетімен танысты.

Кешенмен танысып шыққан соң, Мемлекет басшысы Астана қаласының 11 сынып оқушыларымен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев оқушыларды Білім күнімен құттықтап, оларға оқуда табыс, денсаулық және сәттілік тіледі.        


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар