Жаңалықтар

28 қазан 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Григорий Марченконы қабылдады.

Г. Марченко Мемлекет басшысын елдің қаржылық саласыдағы, атап айтқанда, валюталық нарықтың ағымдағы жағдайы туралы хабардар етті.

- Соңғы бірнеше күнде теңге нығаюда. Сыртқы орта Қазақстан үшін қолайлы қалпын сақтауда. Мұнай, астық, металл бағасы жоғары деңгейде. Біз егер бұл жағдай одан әрі жалғасатын болса, онда жалпы аталған оң үрдіс сақталады деп күтіп отырмыз. Сонымен қатар мен Мемлекет басшысына банктік нарықтағы жағдай туралы баяндадым. Биылғы жылдың мамыр айынан бастап оң үрдіс байқалуда. Банктер тарапынан экономиканың нақты секторына несие бөлу арта бастады. Тұрғындардың депозиттері мен салымдарының өсімі тұрақты жалғасын табуда, осы ретте депозитті доллардан гөрі теңгемен салу жалғасын табуда. Жалпы алғанда, макроэкономикалық жағдай, банктік сектор мен валюта нарығындағы жағдайлар жағымды қалыпта, - деді Г. Марченко журналистерге арналған брифингі барысында.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар