Жаңалықтар

28 қыркүйек 2010
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасады.

02 - Шымкент

01 - Шымкент

Шымкент қаласына келгеннен кейін Президент жаңа қалалық Неке сарайында болды. Мемлекет басшысы Неке сарайындағы рәсімге қатысушы жас жұбайлармен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан отбасын құраған жастарды өмірлеріндегі маңызды оқиғамен құттықтап, оларға бақыт және ұзақ ғұмыр тіледі.

Одан кейін Президент «HILL Corporation» ЖШС-нің майлау материалдарының өндірісі жөніндегі зауытты аралады. Бұл Қазақстандағы жоғары класты майлау материалдары өндірісі жөніндегі алғашқы зауыт. Жоба жетекші американдық технологиялық жабдықтырды өндірушілердің көп жылғы тәжірибесі мен майлау материалдары өндірісі саласындағы ең заманауи технология негізінде жасалған. Аталған жобаның мақсаты - өндірісті жөндеу ғана емес, сондай-ақ тиімді, тұрақты жүйені құру, Қазақстанда сатуға және шетелге экспортқа шығару. Жаңа зауыт өнеркәсіптік, моторлы, трансмиссиялы және индустриалды майлардың жүзден астам түрін шығаратын болады. Ондағы өндіріс барынша автоматтандырылған, барлық процестер орталық басқару блогы арқылы бақыланады. Құю желілері автоматты түрде істейді, өнімді бөлу жүйесі қол еңбегін аз қамтиды және өнім сапасын аттыруды қамтамасыз ете алады. Өндіріс тұйық герметикалық циклға ие және толық қалдықсыз және экологиялық таза болып табылады. Жобаның жалпы құны 3 340 миллион теңгені құрайды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ «Оху Textile» ЖШС-нің мақта-мата жібін шығаратын фабриканы аралады. Жоба 2005 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың аумағында іске асырылуда. Өндіріс жіп иіретін сақиналар мен ротор машиналарын пайдалану жолымен сақина арқылы жіп иіруді жүзеге асырады. Фабрикада ИСО 9000 халықаралық стандарттарға сәйкес өнімдер шығаратын швейцариялық, жапондық және неміс өндірістік заманауи жабдықтар қойылған. Өндірістік қуаттылығы 7,5 мың тонна мақта талшығын құрайды. Жоба 260 жаңа жұмыс орнын ашуды, жергілікті мақта талшығын өңдеудегі үлесті ұлғайтуды, өңірде және елімізде тоқыма өнеркәсібін дамытуды қарастырады.

Одан кейін Мемлекет басшысы «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС фабрикасының мақта целлюлоза өндірісімен танысты. «Оңтүстік» АЭМ аумағында іке асырылатын жобаның Қазақстанда баламасы жоқ. Оның құны 3850 миллион теңгені құрайды. Фабриканың жобалық қуаттылығы: ылғал жұтқыш мақта – жылына 2,5 мың тонна, мақта целлюлоза – жылына 3,5 мың тонна, карбоксиметилцеллюлоза – жылына 7,2 мың тонна. Жобаның масқаты жергілікті шикізат пен мақталық шикізаттан дайын өнім өндірісіне негізделген жаңа әлемдік технологияны енгізу, импорт алмастыру тауарларын арттыру және әлемдік рынокқа шығу болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілетін мақта шикізатына негізделген өндіріс Қазақстандағы мақта кластерін дамытуды қосымша ынталандыру болып табылады. Экспорттық әлеуеті өндірілген өнімнің 70 пайыздайын құрайды. Өндіріс жоғары технологиялы заманауи жабдықтармен жарақтандырылған, өндірістік процестер ИСО 9000 халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.

Журналистерге арналған брифингте Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы сапарының басты оқиғасы облыста іске асырылып жатқан Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының маңызды жобаларын іске асыру барысымен танысу болғанын атап өтті.

- 2010 жыл біздің еліміз үшін ереше жыл болып табылады. Бұл үдемелі индустриалдық бағдарламаны іске асырудағы алғашқы жыл. Осы алғашқы жылда біз еліміздің барлық өңірлерінің іс жүзінде индустриалдық дамуына қуатты серпін бере аламыз, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.              


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар