Жаңалықтар

15 наурыз 2008
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оман Сұлтандығына ресми сапары басталады.

Ресми сапардың бағдарламасына сәйкес Оман Сұлтаны Кабус бен Саидпен келіссөздер жүргізілмек. Тараптар қазақстан-оман әріптестігін одан әрі нығайтуға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр.


Бұл күні Мемлекет басшысы ҚР Тұңғыш Президентіне арналған «Қазақстандағы билік шуағы» атты кітаптың авторы, белгілі сауд саясаттанушы ғалымы Маджид ат-Түрікпен кездеседі.


Одан кейінгі күндері Елбасы Маскаттың көрікті жерлерін аралап көрмек, атап айтқанда Кабус Сұлтанның ұлттық университетін, «Білім алабы» технопаркін және Кабус Сұлтанның үлкен мешітінде болады деп жоспарланып отыр.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар