Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 қазан 2010
Бүгін Париждегі «Риц» қонақ үйінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Француз индустриалдық-инновациялық жобалардың тұсаукесеріне қатысты.
04

Қазақстан Президентіне көлік, ғарыш, авиация, телекоммуникация мен атом энергетикасы салаларындағы бірлескен Қазақстан-Француз жобалары таныстырылды.

Атап айтқанда, француздық «Арева» компаниясы тарапынан Үлбі металлургия зауытының базасында жылу бөлеуді құрастыратын өндіріс жөніндегі зауыттың құрылысы бойынша бірлескен Қазақстан-Француз жобалары ұсынылды.

«Арева» компаниясы атом реакторларының жетекші әлемдік тасымалдаушысы болып табылады. Компанияның қызметі реакторларды жобалаумен және оның құрылысымен, реактивтік қалдықтарды тасымалдау және пайдаға асыру, сондай-ақ энергия мен электр көлігін жаңғырту көздеріне байланысты.

«Альстом» компаниясы Мемлекет басшысына Қазақстандағы жүк және жалаушылардың магистралдық электровоздар өндірісі жөніндегі келешек бірлескен кәсіпорынның жобасын таныстырды. Президентке қазіргі уақытта Қазақстан аумағында сынақтан табысты өткізіліп жатқан темір жол айырушы-біріктіруші электр жетегінің жұмысы көрсетілді.

«Альстом» компаниясы энергетикалық жабдықтар мен темір жол көлігі өндірісі бойынша әлемдік лидерлердің бірі болып табылады. Компания жоғары экологиялық және энергияжинақтаушы тиісті талаптарға сәйкес келетін электрстанция үшін электртехникалық өнімдер өндірісі бойынша үлкен әлеуетке ие.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ аэроғарыштық өнеркәсіп үшін титан құймалары мен бөлшектері өндірісі жөніндегі «УКАД» кәсіпорны Өскемен титан-магний комбинатымен бірлесіп ұсынған жобасы негізіндегі «Обер энд Дюваль» компаниясының жобасымен танысты.

Одан әрі Мемлекет басшысына жердегі қашықтықтан зондтау спутниктері мен ғарыштық аппараттардың жинақтау-сынақтан өткізу кешенін құру жөніндегі «ЕАДС-Астриум» компаниясының бірлескен кәсіпорнының жобасы таныстырылды.

«ЕАДС-Астриум» компаниясы спутниктік байланыс жүйесін құру, Жердегі қашықтықтан зонттау, навигация және спутниктік жүйе бойынша еуропалық лидер болып табылады.

Президентке таныстырылған келесі жоба «ЕАДС-Еврокоптер» компаниясының Қазақстанда «ЕС-145» маркалы ұшағы өндірісі жөніндегі жоба болды. Бұл ұшақ гуманитарлық мақсатқа, төтенше жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ мұнайгаз секторында пайдаланылатын болады.

Қазақстан Президенті сондай-ақ қазақстандық Инжиниринг және трансферт технологиясы орталығы мен француздық «ЦЕЙС» компаниясы арасында құрылған Қазақстан-Француз трансферт технологиясы орталығы жұмысының нәтижесімен танысты.

Қазақстан-Француз трансферт технологиясы орталығы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Франция Президенті Н.Саркозидің бірлескен бастамалары бойынша құрылды. Орталық біздің елдер арасындағы озық трансферт пен инновациялық технологияны, ноу-хау мен білімді жүзеге асыру жөніндегі негізгі құрал болуды көздеп отыр.

Трансферт технологиясы орталығының үйлестіруімен Қазақстанда нақты механика мен кабель өндірісі жөніндегі зауыт құрылысы мен зертхана, төтенше температура және сирек жер асты металдары жөніндегі зертхана құру жөніндегі жобалар белсенді іске асырылуда.

Француздық «Вика» компаниясы тарапынан Мемлекет басшысына жоғары сапалы цемент өндірісі жөніндегі зауыттың жобасы таныстырылды.

Компания цемент өндірісі, бетон және агрегаттар дайындау бойынша Еуропадағы ірі компаниялардың бірі болып табылады.

«Талес» компаниясының француздық тобы Мемлекет басшысына Қазақстанда қарулы күштер үшін телекоммуникациялық жабдықтардың бірлескен өндірісінің жобасын ұсынды.

«Талес» авиағарыштық және өнеркәсіптің қорғаныс саласында, сондай-ақ ақпараттық технология саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарды біріктіріп отыр. Компания қарулы күштер, аэроғарыштық өнеркәсіп және ақпараттық технология салалары үшін кәсіби электроника өндірушілерінің Еуропадағы ірісі болып табылады.

Нұрсұлтан Назарбаевқа сондай-ақ мұнай өңдейтін, химиялық және экономиканың металлургиялық салаларының қажеттілігі үшін Қазақстанда өнеркәсіптік газ өндірісі жөніндегі зауыт құрылысын инвестициялау бойынша француздық «Эйр Ликид» компаниясының және мұнайгаз өнеркәсібі үшін жоғары сапалы жапсарсыз құбырлар-жоғары технологиялық өнімдерді жеткізу және бірлескен кәсіпорны жөніндегі – «Валурек» жобалары таныстырылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар