Жаңалықтар

27 қазан 2010
Елицей сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Француз Республикасының Президенті Н.Саркозидің кездесулерінің рәсімі өтті.

01

03

Париждегі Елисей сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Француз Республикасының Президенті Николя Саркозидің кездесулерінің рәсімі өтті. Кездесу рәсімінен кейін екі елдің мемлекет басшыларының келіссөздері болып өтті.

Келіссөздер барысында екі жақты ынтымақтастықтың кең түрдегі мәселелері талқыланды, екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестікті бекітуге арналған шаралар айқындалды, Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестік туралы Шарт ережесін іске асыру барысына талдау жасалды.

Тараптар саяси, экономикалық және гуманитарлық бағыттарда айтарлықтай алға жылжулар болғанын атап өтті. Күн тәртібіндегі аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікірлер алмасылды.

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жағымды қарқынына тоқталды. Қазақстанда жүзден астам ірі француздық компаниялар табысты жұмыс істейді. Францияның Қазақстанға тіке инвестициясының жалпы көлемі 6,6 миллиард долларға жетті. 2010 жылғы 8 айдың ішінде Қазақстан мен Франция арасындағы екі жақты тауар айналымының көлемі өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда, 52 пайызға артты.

2008 жылы рекордтық көлем 6,2 миллиард доллар тіркелді.

Қорытындысы бойынша жалпы құны 1,9 миллиард еуро көлеміндегі комерциялық және инвестициялық келісімшартқа қол қойылған Қазақстан-Француз бизнес-форумы үлкен мәнге ие.

Сондай-ақ күн тәртібіндегі аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікірлер алмасылды. Атап айтқанда, тараптар Қырғызсандағы таяудағы оқиғаны, Ауғанстандағы ахуалды, халықаралық қауіпсіздікке қатысты өзге мәселелерді талқылады.

Алдағы уақытта 1-2 желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитінің күн тәртібі келіссөздегі басты тақырыптың біріне айналды. Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның саммитін шақыру туралы Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін Николя Саркозиге алғысын білдірді.

Екі елдің Президенттері сондай-ақ Францияның алдағы уақыттағы «Үлкен жиырмалыққа» және 2010 жылғы «Үлкен сегіздікке» төрағалығын талқылады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Француз Республикасының Президенті Н.Саркозидің Бірлескен декларациясына, бірқатар екі жақты келісімдерге – Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы, «Қазатомпром» АҚ мен «AREVA» арасындағы жылу бөлуді құрастыратын өндіріс саласындағы бірлескен қызметін іске асыру тәртібі туралы келісімдерге, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен «EADS» және «EADS-Eurocopter» компаниялары арасындағы ЕС145 түріндегі ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жеткізу, дайындау жөніндегі өзара түсіністік пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Электровоз Құрастыру Зауыты» БК, «Альстом Транспорт» компаниясы мен «ТрансМашХолдинг» компаниясы арасындағы электровоздар жеткізуге арналған шартқа қол қойылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар