Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 қыркүйек 2015
Қазақстанның БАҚ өкілдеріне арналған брифинг

 

Брифинг барысында Елбасы ҚХР-ға мемлекеттік сапардың маңызы жоғары екенін атап өтті.

Әлемдік экономика дағдарысты бастан өткеріп жатқан бүгінгі уақытта әлемдік қаржы институттарының инвестициялық мүмкіндіктері айтарлықтай азайды. Осындай жағдайда Қытаймен өзара іс-қимыл біз үшін күрделі кезеңді еңсерудің қолайлы мүмкіндігі болып саналады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ журналистерге ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу барысында жасалған екіжақты келісімдер туралы айтып берді. Солардың ішіндегі ең ірі жобаларда Павлодар алюминий зауытының өндіріс қуатын 150 мың тоннаға жеткізу, Маңғыстау облысында мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт құрылысын салу қарастырылады.

Мемлекет басшысы сапардың өзге де қырларына тоқтала келіп, екінші дүниежүзілік соғыстың нүктесі нақ осы Қытайда қойылғанын атап көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы маңызды оқиғаға да тоқталып, депутаттарды Парламент сессиясының ашылуымен құттықтады.

 Мен біздің парламентшілерге табыс тілеймін, оларға Бес институционалдық реформаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін белсене жұмыс істеуге тура келеді. Жыл аяғына дейін 57 заңнамалық акт қабылдау жоспарлануда. Біздің парламенттік фракциялар бұл міндетке зор жауапкершілікпен қарап, елдегі маңызды жаңғырту ісіне өз үлесін қосады деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады.

Бүгін 7,5 мың мектеп 2,6 миллион балаға есігін ашты, соның 300 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Біз әрбір бірінші сынып оқушысына менің жеке құттықтауыммен бірге Отанымыз туралы кітап сыйладық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар