Жаңалықтар

18 тамыз 2014
Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен телефон арқылы сөйлесті

 

Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Қантөгісті, әсіресе бейбіт тұрғындардың арасындағы қантөгісті тоқтатудың және Украина дағдарысы бойынша келіссөздер үдерісін бастаудың маңыздылығы атап өтілді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары