Жаңалықтар

7 ақпан 2018
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылын талқылады.

Мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, тараптар алдағы кездесулер кестесін қарастырды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары