National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

2019 жылғы 21 наурыз

Әңгімелесу барысында Владимир Путин екі жақты одақтастық қарым-қатынастарды дамытуға зор еңбек сіңіргені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, оның Еуразиялық интеграция жобасын іске асырудағы тарихи рөлін атап өтті.

Ресей Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Еуразия экономикалық одағы аясындағы ынтымақтастықты нығайту үдерістеріне белсенді атсалыса беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Мемлекет басшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің барлық саладағы сындарлы ынтымақтастығын одан әрі ілгерілету үшін тығыз ықпалдастықта болуға, сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелерді шешу жолында бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.

Сондай-ақ, Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты жақын арада Ресей Федерациясына сапармен келуге шақырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің