Жаңалықтар

2 қазан 2009
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Республикасына ресми сапармен келді.
big-01

Бакуге келген Нұрсұлтан Назарбаев Шехидтер аллеясында болып, туыстар бейітіне және Әзірбайжанның жалпыхалықтық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүлдесін қою рәсіміне қатысты.

Одан кейін Мемлекет басшысы «Загульба» сарайына келді. Онда өткен кездесудің салтанатты рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің тар және кең құрамдағы келіссөздері өтті. Екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемдегі мәселелері талқыланып, екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған шаралар анықталды. 

Тараптар Қазақстан-Әзірбайжан қарым-қатынастары тұрақтылығымен ерекшеленетініне тоқталды.

Қазақстан мен Әзірбайжан көшбасшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Әзірбайжан Үкіметаралық комиссиясының тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. 

Қазақстан мен Әзірбайжан ынтымақтастығының басым бағыттары отын-энергетикалық сектор болып табылады. Сондай-ақ екі ел үшін ауыл шаруашылығы, шекаралық сауда, жүк және көлік тасымалы салаларындағы ынтымақтастық перспективалы екені көзделінген.

Тараптар сондай-ақ екіжақты мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту қажеттігін атап өтті. Мұндағы маңызды «байланыстырушы звено» Қазақстанда тұрып жатқан 100 мыңнан астам әзірбайжан диаспорасының өкілдері болып табылады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әзірбайжандық әріптесін өзі үшін кез келген қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. 

Сапар барысында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған мемлекетаралық келісім пакетіне қол қойылды. 

Келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен брифингте Ильхам Әлиев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапары Қазақстан-Әзірбайжан ынтымақтастығын дамытуға қосымша серпін беретініне және оны сапалы жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

- Мен Сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің біздің елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ Каспий мен Кавказдағы тиімді өңірлік ынтымақтастық үшін қолайлы орта қалыптастыру жөніндегі күш-жігеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін, - деді Ильхам Әлиев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар