Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 қазан 2010
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парижде белгілі француз актері Жерар Депардьемен кездесті.

Кездесу барысында кинематография саласындағы екі жақты ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Президент Н.Назарбаев екі елдің кинематографистерінің табысты ынтымақтастығын атап өтті.

Ж.Депардье өзінің Қазақстанның даму қарқынына, жаңа елорда-Астананың бой көтеруіне, сондай-ақ кинематография саласындағы мемлекеттік саясатқа таңданысын білдірді.

- Сіз өзіңіздің дана саясатыңыздың арқасында өз еліңіз үшін бәрін жасап келесіз. Сіз тек ұлы мемлекет басшыларының қолынан ғана келетін істің барлығын іске асырдыңыз. Сіз елорданы, әсем Астананы салдыңыз. Сіздің елдің даңқты тарихы бар. Дегенмен, Сіздің еліңіз дамудың күрделі кезеңінен өтті, Сіздер Арал теңізін қайта түлету, ядролық полигонды жабу жөнінде ауыр кеңестік жүйенің зардаптарымен бетпе-бет келдіңіздер, ал бүгінде Сіз Қазақстанды жаңа биікке көтердіңіз. Өз басым Сізге мәдениет саласындағы біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық үшін алғысымды білдіремін, - деп атап өтті Ж.Депардье.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар