Жаңалықтар

2 қазан 2009
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі тілдес мемлекеттер басшыларының IX саммиті қарсаңында Түркия Президенті Абдолла Гүлмен екіжақты кездесулері өткен Нахчыван қаласына (Әзірбайжан Республикасы) келді.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Түркияны ынтымақтастығы тұрақтылығымен ерекшеленетін және екі мемлекеттің дәстүрлі ұмтылысын кеңейтіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдететін стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. 

Қазақстан Президентінің Түркияға алдағы уақыттағы ресми сапары барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты және көптарапты ынтымақтастық мәселесін жан-жақты талқылайтынына сенім білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар