Жаңалықтар

22 шілде 2006
Қазақстан Президенті, ТМД басшылары Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бейресми саммитіне қатысып, сөз сөйледі.
184.jpg

Қазақстан басшысы өз сөзінде ТМД институтын реформалауға қатысты әзірленген бағдарлама Достастыққа қатысушы елдердің қарауына ұсынылғанын атап өтті. Аталған бағдарлама ықпалдастықты одан әрі нығайтудың негізгі бес бағытын қарастырады. Атап айтсақ, көші-қон саясаты саласындағы ынтымақтастық, көлік инфрақұрылымын бірлесе пайдалану және дамыту, ғылым-білім, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық және шекара шебіндегі қылмысқа қарсы іс-қимыл.

 

-ТМД-ны реформалаудың мақсаты біздің баршамызды қанағаттандыра алатын ықпалдастық өлшемдеріне қадам басу болып табылады,- деп атап көрсетті Мемлекет басшысы


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар