Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 қараша 2006
Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі ресми сапары жалғасуда.

237.jpg

238.jpg

239.jpg

 

Қазақстан Президенті Букингем Сарайында Елизавета II Ұлыбритания Королевасымен кездесті.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Ұлыбритания Премьер-Министрі Т. Блэрмен кездесті.

 

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастың және халықаралық саясаттың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Кездесу кезінде тараптар сауда-экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастықтың жоғары дәрежесін және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін атап көрсетті.

 

Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев пен Ұлыбритания Премьер-Министрі Т. Блэрдің бірлескен баспасөз мәслихаты өтті.

 

- Бұл сапар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өте берік қарым-қатынасты бейнелеп көрсетеді. Біздің еліміз Қазақстан экономикасына инвестиция енгізу тарапынан екінші орасан зор инвестор болып табылады. Біз екіжақты ынтымақтастықты тек қана сауда-экономикалық саласында ғана белсенді түрде дамытумен шектелмей, авиатасмалдау және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырып келеміз. Мен Қазақстан Президентінің өз елін қалай басқарып келе жатқаны жайлы өзімнің жылы лебізімді білдіргім келеді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды расында өте жемісті бағытта бастап келеді. Президент көпұлтты және көпдінді елде ынтымақтастықтың үстемдігін тұрғыза білді. Қазақстан бүкіл аймаққа үлгі. Біз орнықты серіктестікке мұқтажбыз. Сондықтан да, мен Еуропаның Қазақстанмен стратегиялық серіктес ретінде жаңа қарым-қатынасы басталуы керек деп санаймын. Мен, осы тұрғыдан алғанда Ұлыбританияның тек сауда саласында ғана емес, саясат саласында да Қазақстанның маңдайалды серіктесі болғанын қалаймын, - деді Ұлыбритания үкімет басшысы баспасөз мәслихатында.

 

Тони Блэр Ұлыбритания Қазақстанның  Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуын қолдайтынын және Қазақстанның лаңкестікке қарсы жүргізген жұмысына өз ризашылығын білдірді.

 

- Қазақстан-британдық экономикалық қарым-қатынас өте қарқынды дамып келеді. Бүгін Лондон қор биржасында төрт қазақстандық компаниялар өз акцияларын орналастырды, олардың біреуі биржадағы жүз алып компаниялардың қатарына қосылды. Менімен бірге екіжақты іскер арақатынасты ұлғайту үшін үлкен топ - қазақстандық бизнес өкілдері келді. Қазір, Қазақстан экономикалық реформалардың көшбасшысы және ашық нарықтық экономикасы бар мемлекет болғанда, Дүниежүзілік банк біздің елімізді әлемдегі инвестицияға ең тартымды елдердің бірі ретінде жариялады, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев күннің екінші жартысында Ұлыбритания қаржы министрі Гордон Браунмен кездесті.

 

Қазақстан Республикасының Президенті құрметіне Спенсер Хаус резиденциясында Лорд Ротшильд атынан кешкі ас берілді. Мемлекет басшысын Ұлыбритания бизнес топтарының өкілдері қарсы алды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар